Меркі ауданында автокөліктегі өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Меркі ауданында автокөліктегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараны Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері автокөлік жүргізушілері арасында ұйымдастырды. Іс-шара барысында жүргізушілерге автокөліктегі өрттің негізгі себептері, олардың алдын алу жолдары, сондай-ақ төтенше жағдай туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету тәртібі туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, автокөлікте алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуының маңыздылығы, электр сымдарының жарамды әрі ақаусыз күйде болуы, жанармай жүйесінің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1151454?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version