Меркі ауданында газ-түтіннен қорғау қызметі бойынша практикалық жаттығу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің Меркі ауылы №9 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері газ-түтіннен қорғау қызметі буынымен таза ауада практикалық жаттығу жұмыстарын өткізді. Жаттығудың негізгі мақсаты – жеке құрамның кәсіби даярлығын арттыру, тыныс алу аппараттарымен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру және төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрі жедел әрекет ету қабілетін дамыту болды. Іс-шара барысында қызметкерлер арнайы қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалану, ГТҚҚ буыны құрамында үйлесімді әрекет ету, физикалық төзімділікті арттыру және шартты тапсырмаларды орындау бойынша тәжірибе жинақтады. Өткізілген жаттығулар жеке құрамның жауынгерлік даярлығын нығайтып, өрт және басқа да төтенше жағдайлар кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1151070?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version