Nestle бойынша кәсіпкерлерге түсіндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасында Қазақстан Республикасының аумағында ТОО «Nestle Food Kazakhstan» компаниясының балалар тағамдарының жекелеген түрлерін ерікті түрде кері қайтарып алуына байланысты жағдайды талқылауға арналған кәсіпкерлермен кездесу өтті.
Кездесуге Шығыс Қазақстан облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің техникалық регламенттер талаптарын сақтауын бақылау бөлімінің басшысы Қалқанбаева М.М., Өскемен қалалық басқармасының мамандары, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.
Өнімді ерікті түрде кері қайтарып алу 2026 жылғы 5 қаңтарда басталды және Қазақстан Республикасын қоса алғанда бірқатар нарықтарға қатысты. Аталған шара алдын алу сипатында болып табылады және сыртқы жеткізушіден алынған шикізатта церулид токсинінің болуы мүмкін деген ықтимал қауіптің анықталуымен байланысты.
Өнім құрамындағы бұл заттың мөлшері өте төмен деңгейде екені атап өтілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тағам өнімдеріндегі церулид токсинінің мөлшеріне қатысты нормативтік реттеу жоқ.
Осыған қарамастан, Nestle компаниясы өнімді ерікті түрде кері қайтарып алу туралы шешім қабылдады. Кері қайтарып алуға шектеулі ассортимент жатады, оның ішінде:
құрғақ тез еритін сүтті, қышқыл сүтті және лактозасыз қоспалар;
емдік және диеталық тағамға арналған аминқышқылдары негізіндегі құрғақ қоспалар.
Кері қайтарып алуға жататын өнімдердің нақты партияларының тізбесі nestlebaby.kz ресми сайтында жарияланған. Кері қайтарып алу тек көрсетілген партияларға ғана қатысты, ал Қазақстан нарығында ұсынылған Nestle компаниясының балалар тағамдарының қалған өнімдері сатылымда қалып, қауіпсіз деп танылған.
 
 
 
 
 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1150492?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version