Нипах вирусы: қазіргі жағдай және неге ахуал бақылауда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Үндістанда Нипах вирусының тіркелуіне байланысты бірқатар елдерде санитариялық-эпидемиологиялық шаралар күшейтілді. Халықаралық дереккөздерге сәйкес, Батыс Бенгалия штатында байланыста болған адамдар карантинге алынып, эпидемиологиялық тексеру және медициналық бақылау жүргізілуде.
Нипах вирусы аса қауіпті зооноздық инфекцияларға жатады және жануарлардан адамға, кейбір жағдайларда адамнан адамға берілуі мүмкін. Ауру ауыр түрде өтуі ықтимал. Қазіргі уақытта бұл вирусқа қарсы вакцина мен арнайы емдеу әдістері жоқ, сондықтан алдын алу, ерте анықтау және науқастарды оқшаулау негізгі шаралар болып табылады.
Халықаралық деңгейде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілген. Азияның бірқатар елдерінде қолайсыз аймақтардан келген жолаушыларға скрининг жүргізіліп, шекараларда және адамдар көп жиналатын орындарда медициналық бақылау күшейтілді.
Қолайсыз өңірлерге сапар шегетін азаматтарға жеке гигиена ережелерін сақтау, жабайы және ауыл шаруашылығы жануарларымен байланыстан аулақ болу, қауіпсіз ауызсуды пайдалану және ауру белгілері пайда болған жағдайда дер кезінде медициналық көмекке жүгіну ұсынылады.
Еске саламыз, Қазақстанда Нипах вирусын жұқтыру және осы аурудың ел аумағына әкеліну жағдайлары тіркелген жоқ. Эпидемиологиялық жағдай бақылауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1150863?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version