Нипах вирусының алдын алу бойынша оқу-жаттығу өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де Алматы халықаралық әуежайында Нипах вирусы инфекциясының әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша оқу-жаттығу өткізілді.Оқу-жаттығуды Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Алматы қаласы бойынша санитариялық-карантиндік бақылау бөлімі жүргізді.Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты — «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-ның, сондай-ақ Нипах вирусын жұқтырған күдікті науқас анықталған жағдайда санитариялық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға қатысатын Алматы қаласының жұмылдырылған ұйымдары мен ведомстволары қызметтерінің өзара іс-қимылдарын үйлестіру.Бұл оқу-жаттығу алғашқы эпидемияға қарсы қажетті іс-шараларды нақты, дәйекті, жедел және тиімді түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ жұқтырған елдерден келген күдікті жолаушы арқылы Қазақстан Республикасының халқы арасында жұқпалы инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алуға бағытталған.Оқу-жаттығу нақты жағдайларға барынша жақын жағдайда өтті.
Аңыз бойынша, рейс жолаушыларының дене қызуын байланыссыз тексеру барысында халықаралық келу залында орнатылған жылу бейнекамера арқылы Nomad Jet авиакомпаниясының № NJ 525 «Гоа – Алматы» рейсімен келген жолаушылардың арасынан дене қызуы көтерілген жолаушы анықталды.Оқу-жаттығудың мақсаты — санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, денсаулық сақтау және жергілікті атқарушы органдардың үйлесімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, ауру ошағын уақтылы анықтау және жою

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1151956?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version