Полиция қызметкерінің жедел көмегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті 

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ордабасы ауданы аумағындағы Бадам – Бөржар тасжолы бойында Өзбекстан мемлекетіне бағыт алған КамАЗ жүк көлігі қалың қар мен жолдағы мұздыққа байланысты жоғарыға көтеріле алмай, жолда тұрып қалды.

Күрделі жағдайда қалған жүргізушіге дер кезінде Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Ердәулет Төрежан көмекке келді. Полиция қызметкері жағдайды жедел бағалап, арнайы техника – трактор шақыртып, КамАЗ жүк көлігін сүйрету жұмыстарын ұйымдастырды.

Сонымен қатар жолға құм себу арқылы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Нәтижесінде жүк көлігі қозғалысын қайта жалғастырып, сапарын сәтті әрі қауіпсіз түрде жалғастырды.

Бұл жағдай полиция қызметкерлерінің тек тәртіп сақшысы ғана емес, жолдағы әрбір азаматқа әрдайым көмек көрсетуге дайын екенін айқын көрсетті. Жүк көлігінің иесі көрсетілген жедел көмек үшін полиция қызметкеріне алғысын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1151788?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version