Президенттің бастамасымен жүзеге асырылған “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Жітіқара ауданында инфрақұрылымды жақсарту және елді мекендерді абаттандыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Президенттің бастамасымен жүзеге асырылған “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Жітіқара ауданында инфрақұрылымды жақсарту және елді мекендерді абаттандыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Автомобиль жолдарының жағдайына ерекше назар аударылады, ол басым бағыттардың бірі болып қала береді.
Соңғы жылдары ауданда әртүрлі деңгейдегі жолдардың едәуір саны жөнделді және бұл жұмыс 2026 жылы жалғасады.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Жітіқара ауданының аумағында 32 шақырымнан астам автомобиль жолдарына орташа жөндеу жүргізілді, 6 су өткізу құрылыстары жөнделді және жалпы көлемі 30 мың м2 құрайтын Жітіқара қаласының кварталіші өтпе жолдарына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Қаржыландырудың жалпы көлемі 2,4 млрд теңгені құрады.
Негізгі жұмыстар аудандық маңызы бар жолдарға, соның ішінде “Дзержинский ауылына кіреберіс” және “Жітіқара – Берсуат” автожолдар учаскелеріне бағытталды, онда жер жұмыстары, іргетас салу, асфальттау және қиыршық тас жұмыстары орындалды. Сондай-ақ, су өткізу құрылыстарына олардың өткізу қабілетін арттыра отырып жөндеу жүргізілді. Ауылдық елді мекендерде Ырсай, Степной, Милютин және Чайковский ауылдарындағы көшелерді асфальттау орындалды, ал Жітіқара қаласында Бірлік, Пионерская, Киров және Кирзавод көшелері, сондай-ақ тротуарлар мен кварталішілік өтпе жолдар жөнделді.
2026 жылы “Дзержинский ауылына кіреберіс” және “Жітіқара – Берсуат” автомобиль жолдарын орташа жөндеуді жалғастыру, су өткізу құрылыстарын жөндеу, ал Жітіқара қаласында — Алтынсарин, Ленин, Достық көшелерін, сондай-ақ Кеңсай және Дружба шағын аудандарындағы өтпелер мен көшелерді жаңарту жоспарлануда. Ауылдық елді мекендерде бюджет қаражатын бөлу жағдайда Пригородный, Приречный және Забелов ауылдарындағы көшелерді асфальттау жоспарланған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-yrsai/press/news/details/1150838?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version