Қант диабеті – ағзадағы көмірсу алмасуының бұзылуынан туындайтын ең таралған эндокринологиялық аурулардың бірі. Бастапқы кезеңдерде белгілер көрінбеуі мүмкін, сондықтан диагнозды қандағы глюкоза деңгейін арнайы мамандардың көмегімен тексеріп отыру қажет.
Аурудың асқынулары – инфаркт, инсульт, диабеттік ретинопатия, нефропатия, полиневропатия, ангиопатия, төменгі аяқтағы жаралар мен гангрена.
1 типті қант диабеті – инсулиннің жеткіліксіз бөлінуінен пайда болады, көбінесе балалар мен жасөспірімдерде кездеседі. Науқас өмір бойы инсулин қабылдауға мәжбүр. Белгілері: жиі зәр шығару, қатты шөлдеу, аштық, салмақ азаюы, көру қабілетінің төмендеуі, әлсіздік.
2 типті қант диабеті – ағзаның инсулинді жеткілікті пайдалана алмауынан дамиды, бұрын ересектерге тән болған, қазір балалар арасында да кездеседі. Негізгі себептері – артық салмақ және физикалық белсенділіктің төмендігі. Белгілері байқалмауы мүмкін, сондықтан көбіне асқынулар кезінде анықталады.
Алдын алу үшін дұрыс тамақтану, тұрақты физикалық белсенділік, дене салмағын бақылау маңызды. Қан құрамындағы қанттың деңгейін жылына кемінде бір рет тексеру ұсынылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1151424?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау