Қарағанды облысының аумағында тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу және жылыту маусымында халықтың қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында «Қауіпсіз пеш» профилактикалық акциясы өтті.
Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері полиция қызметкерлерімен және еріктілермен бірлесіп, өрт қауіпсіздігі айлығы аясында Қарағанды қаласының Курьяновка кентінде үгіт-насихат және профилактикалық іс-шаралар жүргізді.
Аула-ауланы аралау барысында тұрғындарға пешпен жылыту жүйесін пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары түсіндіріліп, электр жылытқыш құралдарын қолдану ережелері еске салынды. Сондай-ақ түтін мұржаларын уақтылы тазалау және жылыту жүйелерінің жарамдылығын тексеру қажеттігіне назар аударылды.
Ерекше назар электр желілеріне шамадан тыс жүктеме түсірмеуге және жанып тұрған пештерді қараусыз қалдырмауға аударылды.
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!
Қарағанды облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1151241?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау