ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
Казталов мектеп-лицейінде аудан әкімінің орынбасары Серік Қайрлиевтің төрағалығымен аудандық террористік тұрғыдан осал объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі әдістемелік көмек беру мақсатындағы семинар ұйымдастырылды.
Семинарға аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, Казталов және Жалпақтал полиция бөлімдерінің қызметкерлері, сондай-ақ осал объектілердің басшылары мен жауапты мамандары қатысты.
Семинар барысында аудан әкімінің орынбасары Серік Ерболатұлы, -Жаһандану заманында әлемнің кез келген елінде орын алатын террористік және экстремистік әрекеттерден сабақ алу аса маңызды. Себебі қауіп-қатерлер елімізде де қайталануы мүмкін, сондықтан терроризмге қарсы күрес – адамзатқа ортақ міндет. Экстремизм радикалды көзқарастар арқылы мемлекеттің тұтастығына, қоғам бірлігіне қатер төндіріп, зорлық-зомбылық пен фанатизмге негізделеді. Бұл құбылыстар терроризммен тығыз байланысты. Сондықтан терроризм мен экстремизмге қарсы тұру – құқық пен тәртіпті сақтаудың басты бағыттарының бірі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №234 қаулысына сәйкес, Казталов ауданында 43 террористік тұрғыдан осал объект тіркелген. Олар: 1-санат: аса маңызды мемлекеттік объектілер – 5, 2-санат: стратегиялық объектілер – 2, 3-санат: қауіпті өндірістік объект – 1, 4-санат: адамдар көп жиналатын объектілер – 35
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес, осал объектілердің басшылары терроризмнің алдын алу және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге міндетті. Оған терроризмге қарсы қауіпсіздік паспортын әзірлеу, қызметкерлерді оқыту, мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыстарды жоспарлау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сапалы бейнебақылау жүйесін орнату және қолжетімділікті бақылау кіреді.
Сонымен қатар, қауіпсіздік талаптарын орындамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бірінші рет бұзғаны үшін 5-тен 10 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады, ал қайталанған жағдайда – 10-нан 30 айлық есептік көрсеткішке дейін (43 250 теңгеден 129 750 теңгеге дейін) айыппұл қарастырылған, – деді өз сөзінде
Күн тәртібінде үш мәселе қаралып отыр. Оларды Казталов аудан әкім аппаратының бас инспекторы, аудан әкімінің жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысының хатшысы Семғали Шоқпанов, Казталов ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция тобының аға жедел уәкілі, полиция капитаны Исатай Захаров және аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айнар Сакенов баяндады.
Семинарда жарық сөну жағдайларында мотор қадағалаудың ұйымдастырылуы, канализация жүйесінің жағдайы және бақылау шаралары, терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты нақты іс-шаралар талқыланды.
Отырыс барысында көтерілген мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, бақылау жұмыстары күшейтілу қажеттілігі ескертілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-kaztalov/press/news/details/1150730?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау