Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті зияткерлік меншік саласындағы өзекті мәселелер бойынша онлайн форматта семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңеске аумақтық әділет департаменттерінің қызметкерлері, оның ішінде Абай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ұжымдық құқықтарды басқару ұйымдарының және өзге де мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануды мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершілік, сондай-ақ Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу және құқықтарды ұжымдық басқаруды цифрландыру мәселелері қаралды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-abai/press/news/details/1151810?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау