Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық департаменті басшысының студенттермен кәсіби бағдар беру кездесуі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің басшысы Мұхтар Сербаев болашақ санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын кәсіби бағдарлау мақсатында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ол санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мақсаты, департамент жұмысының негізгі бағыттары, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер, сондай-ақ жас мамандарға деген сұраныс пен олардың кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы айтып өтті.
Кездесу соңында Мұхтар Сербаев студенттердің сұрақтарына жауап беріп, оларға оқуында және алдағы кәсіби қызметінде табыс тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1150648?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version