Қазақстанның Сыртқы істер министрі Грузияның Елшісімен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана, 2026 жылғы 30 қаңтар – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Грузияның Елшісі Леван Диасамидземен кездесу өткізді.

Тараптар екіжақты күн тәртібінің ағымдағы мәселелерін талқылап, дәстүрлі достық пен серіктестікке негізделген қазақ-грузин қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға деген өзара мүдделілікті растады.

Қазақстан СІМ басшысы екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасында тұрақты орнаған байланыстарға қанағаттанушылық білдіріп, сімаралық саяси консультациялар мен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның қызметі екіжақты ынтымақтастықтың маңызды тетіктері екенін атап өтті.

Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ көлік және логистика саласындағы, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты («Орта дәліз») аясындағы жобалар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерінің тұтас кешені бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1152033?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version