Қосымша білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 28 қаңтарда Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының базасында Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі – Департамент) қосымша білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.
Аталған іс-шараға Департаменттің білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімінің бас маманы Алишева Салтанат Мусабаевна қатысып, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында балалар мен жасөспірімдерге арналған үйірмелерде сабақ өткізуге пайдаланылатын үй-жайларға қойылатын талаптарды сақтау міндеттері туралы түсіндірме берді.
Талқылау барысында сабақ өткізуге арналған үй-жайлардың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкестігін қамтамасыз ету, сондай-ақ үй-жайларды күтіп-ұстау талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауының маңыздылығын түсіндіру және балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1150561?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version