“Сайлау – ел болашағы” квест танымдық ойыны жас сайлаушылар клубының мүшелерімен өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 27 қаңтарда Дүниежүзілік сайлау күніне орай “Сайлау – ел болашағы” жас сайлаушылар клубының мүшелері үшін квест танымдық ойыны ұйымдастырылған болатын. Квесттің мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, сайлау процесінің кезеңдерімен таныстыру және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.

Квест форматында өткізілген танымдық ойында қатысушылар төрт командаға бөлінді. Командалар әртүрлі кезеңдерді қамтитын сайлау процесіне қатысты фактілер мен маңызды құжаттарды іздеуде бақ сынады. Квест қатысушылардың сайлау ережелері, сайлаушылар мен кандидаттардың құқықтары туралы білімдерін көрсетті. Әр тапсырма тек білімді ғана емес, сонымен қатар командада жұмыс істеуге, бірлескен шешімдер қабылдауға және әр қатысушының пікірін ескеруге үйретті.

Танымдық ойынды қалалық сайлау комиссиясы мүшелері өткізді, қатысушыларға жергілікті деңгейде сайлауды ұйымдастыру процесі туралы құнды ақпараттар берілді. Ол жастардың демократиялық процестерге қатысуының маңыздылығына назар аударды және сайлау процесінің заңдары мен негіздерін білу белсенді және саналы азаматтық ұстанымды қалыптастырудың негізгі шарты екенін атап өтті.

Шара соңында Ақтау қалалық сайлау комиссиясы Дүниежүзілік сайлау күніне белсене қатысқан жас сайлаушылар клубына алғысын білдірді.

 

 

Ақтау қалалық сайлау комиссиясы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1150629?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version