«Салауатты жұмыс орындары» жобасының негізгі бағыттары
Қызметкерлердің денсаулық жағдайын және еңбек жағдайларын бағалау
Мақсаты: Жұмыс ортасына байланысты негізгі проблемалар мен денсаулық тәуекелдерін анықтау.
Іс-шаралар:
- Қызметкерлерге сауалнама жүргізу;
- Сырқаттанушылық, жарақаттану, кәсіби тексеру нәтижелері туралы деректерді жинау;
- Еңбек жағдайларын талдау-санитарлық-гигиеналық факторлар, жарықтандыру, микроклимат, жабдықтың қауіпсіздігі;
- Жұмыс орнының профилін және жиынтық кестелерді қалыптастыру.
Нәтижесі: әр кәсіпорында денсаулық және еңбек жағдайлары туралы мәліметтер базасын құру.
Аурулардың алдын алу және қызметкерлердің денсаулығын нығайту
Мақсаты: ауру деңгейін төмендету және қызметкерлердің әл-ауқатын жақсарту.
Іс-шаралар:
- Вакцинацияларды, профилактикалық тексерулер мен скринингтерді ұйымдастыру;
- Тамақтану, физикалық белсенділік, стрессті азайту бағдарламалары;
- Денсаулық күндерін, темекі шегуден бас тарту және дене салмағын бақылау акцияларын өткізу;
- Ақпараттық материалдарды тарату (плакаттар, жадынамалар, денсаулық бұрыштары).
Нәтижесі: жұмыс орындарында денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыру.
Қауіпсіз және қолдау көрсететін өндірістік ортаны құру
Мақсаты: зиянды және қауіпті факторларды барынша азайтатын еңбек жағдайларын қамтамасыз ету.
Іс-шаралар:
- Желдетуді, жарықтандыруды, микроклиматты жақсарту;
- Шу, діріл, шаң, химиялық заттарды бақылау;
- Қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен (ЖҚҚ)қамтамасыз ету;
- Санитарлық-тұрмыстық қамтамасыз ету (таза су, демалыс бөлмелері, душ, асхана).
Нәтижесі: санитарлық және еңбек нормаларына сәйкестігі, кәсіби тәуекелдердің төмендеуі.
«Алтынсарин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ басшысы А.Ж. Әлмағанбет
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-audany-akimat/press/news/details/1150874?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау