Санкт-Петербург қаласында «Многоликий Алтай» және «Цитадель» деректі фильмдері көрсетілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

28–30 қаңтар аралығында Санкт-Петербург қаласындағы Орыс географиялық қоғамының Штаб-пәтерінде «Скайфест» кинокомпаниясымен бірлесіп ұйымдастырылған премьерлік кинотуындылар марафоны өтуде.

Режиссер Мадина Ашилова түсірген фильм Ресей, Қазақстан, Моңғолия және Қытай аумақтарына ортақ біртұтас Алтай тау жотасының бірегей табиғи және мәдени кеңістігіне арналған. Картина 2025 жылы Минск қаласында өткен ТМД елдерінің «ЕВРАЗИЯ.DOC» халықаралық деректі кинофестивалінде үздік операторлық жұмыс үшін дипломмен марапатталған.

Киномарафон аясында өзге де деректі фильмдер көрсетілуде. Олардың қатарында Брест қамалын қорғаушылардың ерлігіне арналған «Цитадель» фильмі, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық негізінде жүзеге асырылған гуманитарлық және ағартушылық жобалар бар. Автор – Алексей Никулин, режиссёр – Вадим Витовцев, продюсер – Александр Морев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-s-petersburg/press/news/details/1152018?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version