2026 жылғы 26 қаңтарда «SEMEI» телеарнасының ғимаратында Абай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің қызметкерлері «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы»Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге бағытталған телеарна қызметкерлерімен семинар өткізілді.
Семинар барысында қатысушыларға аудиовизуалды туындыларды, музыкалық туындыларды, телевизиялық контентті пайдалануға, сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтарды бұзғаны үшін жауапкершілікке қатысты заңнаманың негізгі жаңалықтары түсіндірілді. Телебағдарламаларды шығару және тарату, Интернет желісінде және цифрлық платформаларда мазмұнды орналастыру кезінде авторлық құқық объектілерін заңды пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бұдан басқа, телеарна қызметкерлеріне құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың қызметі туралы ережелер, сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы өзара іс-қимыл және бірыңғай цифрлық платформамен жұмыс істеу тетігі түсіндірілді, бұл есеп айырысулардың ашықтығын және құқық иеленушілердің құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Іс-шара қорытындысы бойынша телеарна қызметкерлеріне Авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнама мәселелері бойынша толық түсініктемелер, сондай-ақ кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде заңнама талаптарын сақтау бойынша ұсыныстар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-abai/press/news/details/1151822?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау