Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Шаған ауылындағы 12 спорт мектебінің жұмысымен танысты. Спорт нысанының материалдық-техникалық базасы, ғимараттың жалпы жағдайы, жаттығу залдарының талапқа сәйкестігі және үйірмелердің жұмыс барысын, жылу қазандығының жұмысын көрді.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев спортты дамыту ұлт саулығының кепілі екенін үнемі айтып келеді. Осы бағытта елімізде, оның ішінде аймағымызда спорт инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Үкіметтің қолдауымен, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың тапсырмасымен кейінгі 3 жылда облыста 21 спорт кешені бой көтеріп, ел игілігіне табысталды. Осы бастамалардың жалғасы ретінде өңірде бұқаралық спортты дамытуға, жастарды спортқа тартуға және заманауи спорт инфрақұрылымын кеңейтуге ерекше мән берілуде,– деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Бүгінде Шаған ауылдық спорт мектебінде футбол, бокс, қазақ күресі бағыттары бойынша үйірмелер тұрақты жұмыс істейді. Аталған үйірмелерге барлығы 230 бала қамтылған.
Аудан әкімі спорт нысанын одан әрі жетілдіру, үйірмелер санын арттыру мәселелері бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Спорттық нысанның санитарлық тазалығына қатысты ескертулер жасап, шұғыл қалпына келтіруді тапсырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1151577?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау