сталкингке тоқта

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Еліміздің ақпараттық кеңістігінде адам ұрлау, некеге мәжбүрлеу, сондай-ақ сталкингке (қудалау) байланысты құқық бұзушылықтар туралы жарияланымдар саны артып, кең қоғамдық резонанс тудыруда. Мұндай әрекеттер – жай ғана «жеке мәселе» емес, адамның қауіпсіздігіне, психологиялық және физикалық саулығына тікелей қауіп төндіретін құқық бұзушылық.
Егер сіз немесе жақындарыңыз, таныстарыңыз:
• біреудің тұрақты қудалауына ұшыраса;
• белгісіз немесе таныс адам тарапынан қорқыту, мазалау, бақылау әрекеттерін байқаса;
• әлеуметтік желілерде, телефон арқылы қысым көрсе —
үндемей қалмаңыз.
Бұл әрекеттерге төзу – мәселені шешпейді, керісінше оның асқынуына әкелуі мүмкін.
Мұндай жағдайларда:
• дереу құқық қорғау органдарына жүгініңіз;
• дәлел ретінде хабарламаларды, қоңырауларды, жазбаларды сақтаңыз;
• қажет болған жағдайда психологиялық және құқықтық көмек алыңыз.
Сталкингке төзбеушілік – әрбір азаматтың қауіпсіздігін қорғаудың маңызды қадамы. Өз құқығыңызды қорғау және өзгелерге қолдау көрсету арқылы ғана біз қауіпсіз қоғам қалыптастыра аламыз.

2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап ҚК-тің 125-1- бабы бойынша, адамды күш қолдану не мүлікті жою немесе бүлдіру қатерін төндіріп, сол сияқты бопсалау жолымен, оның ішінде жәбiрленушiнi немесе оның жақындарын масқаралайтын мәлiметтердi не жариялануы немесе таратылуы жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулі зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi жариялау немесе тарату қатерін төндіріп некеге тұруға мәжбүрлеу – екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Сондай-ақ ҚК-тің 115-1 бабы бойынша Сталкинг, яғни адамның еркіне қайшы онымен байланыс орнатуға және (немесе) оны аңдуға бағытталған, зорлық-зомбылықпен ұштаспайтын, елеулі зиян келтіруге алып келген әрекеттерден көрінетін заңсыз қудалау – екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-bolek/press/news/details/1150607?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version