Степногорск қаласының прокуратурасымен 8 мыңнан астам азаматтың құқықтары қорғалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Степногорск қаласының прокуратурасы жүргізген тексеру барысында қабылданған шаралардың нәтижесінде қала тұрғындарының 8 мыңнан астамының құқықтары қорғалды, оларға тұтынылған жылу энергиясы үшін төлем заңсыз есептелген.

41 көппәтерлі тұрғын үйде жылу энергиясы үшін төлем нақты есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша емес, белгіленген нормативтер негізінде есептелгені, соның салдарынан тұтынушылар үшін төлемдердің негізсіз ұлғайғаны анықталды.

Аталған фактілер жылумен жабдықтаушы ұйым тарапынан Қазақстан Республикасының «Жылу энергетикасы туралы» Заңы талаптарының бұзылғанын, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның жылыту маусымына дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бақылауды тиісінше жүзеге асырмағанын көрсетеді.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша қаладағы 8 мыңнан астам тұрғынға жылу энергиясы үшін төлем қайта есептеліп, оның жалпы сомасы 8,1 млн теңгені құрады.

Жол берілген заң бұзушылықтар үшін қала әкімі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі одан әрі қабылданатын шаралар Степногорск қаласының прокуратурасының бақылауында.

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1151344?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version