Судың сапасы-өмір сапасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ауыз су қауіпсіз таза, химиялық құрамы жағынан зиянсыз және қолайлы органолептикалық қасиеттерге ие болуы керек. Өйткені, таза су энергия беріп, ағзаны пайдалы минералдармен байытады.
Халықты сумен жабдықтау жағдайын бақылау Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының басым міндеттерінің бірі болып табылады. Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26, 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-193/2020 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық қызметі облыс халқына берілетін ауыз су сапасына ай сайынғы санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүзеге асырады.
2024 жылы Солтүстік Қазақстан облысының аумағындағы су құбыры ауыз суының сапасы ұсынылған гигиеналық нормалар шегінде болды. Микробиологиялық көрсеткіштерге 2481 сынама зерттелді, оның ішінде 5-уі немесе 0,2% гигиеналық нормативтерге сәйкес келмеді; санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 2232 сынама зерттелді, оның ішінде 138 немесе 6,2% гигиеналық нормативтерге сәйкес келмеді.
Су сапасы көптеген себептер бойынша нашарлайды, атап айтқанда, белгілі бір минералдық заттар бойынша жер үсті және жер асты суларының табиғи минералдануы, маусымдық сипат (су тасқыны, қардың еруі кезінде), сондай-ақ су құбыры желілерінің, құдықтардың тозуы кезінде, апаттар салдарынан және басқа да көптеген себептер бойынша қайта ластану.
Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу және су жолымен берілетін жаппай жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында қарапайым алдын алу шараларын сақтауды ұсынамыз, яғни қайнатылған немесе бөтелкедегі суды тұтыну, тамақ дайындау, көкөністерді, жемістерді жуу үшін тазартылған суды пайдалану, қол жуудың қарапайым гигиеналық ережелерін сақтау қажет.
Ауыз су денсаулыққа барынша пайдалы болуы үшін оны өте мұқият таңдау керек.
Қауіпсіз таза су ішіңіздер және ауырмаңыздар!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-turkestan/press/news/details/1150556?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version