Сыбайлас жемқорлық – Қазақстанның қауіпсіздігіне, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына жүйелі түрде қауіп төндіретін құбылыс. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды тұлғалар жүргізуге міндетті.
Құрметті Алтай ауданының тұрғындары мен қонақтары!
Егер сіз Алтай ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерінің, Алтай қ. 2-МӨСБ, Серебрянск қ. 19-ӨСБ, Октябрьск кентінің 20-ӨСБ қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне тап болсаңыз, Алтай ауданының ТЖБ-ның сенім телефондарына хабарласа аласыз: 8 (72335) 6-41-02, 6-41-35.
Сонымен қатар, Басқарма ғимаратының бірінші қабатының фойесінде азаматтардың лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің заңсыз әрекеттеріне қатысты өтініштері мен шағымдары үшін арнайы жәшік орналасқан.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-sredigor/press/news/details/1150476?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау