«ЯСАУИТАНУ – 2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
30 жылға жуық уақыттан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Ясауитану – 2026» республикалық байқауы биыл 23–24 сәуір күндері киелі Түркістан қаласында өтеді.
Білім бәйгесіне Қазақстанның 17 облысынан, республикалық маңызы бар Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, сондай-ақ ерекше мәртебеге ие Түркістан қаласынан іріктеуден өткен дарынды оқушылар қатысады. Қатысушылар Қожа Ахмет Ясауи мұрасына қатысты білімдері мен ғылыми ізденістерін ортаға салады.
Байқауға қатысушыларға арналған барлық қажетті ақпарат «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының
Azretsultan.kz ресми сайтында орналастырылған.
Сайттағы «Ғылыми жұмыстар» → «Ясауитану – 2026» бөлімін таңдау арқылы:
• байқау ережесімен;
• сұрақтар тізімімен;
• Қожа Ахмет Ясауидің 40 хикметімен;
• ұлы ойшылға қатысты аңыз-әфсаналармен танысып, жүктеп алуға болады.
Сонымен қатар, төмендегі сілтеме арқылы толық ақпаратқа қол жеткізе аласыз:
https://azretsultan.kz/category/yasauitanu/
Құрметті оқырман!
Егер «Ясауитану – 2026» республикалық байқауына қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызға болады:
+7 777 556 73 05
+7 708 969 77 73

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1151129?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version