«Заң және тәртіп» акциясы аясында құқықтық бағыттағы кездесу өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң және тәртіп» айлығы аясында “Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей интернатында” құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға арнайы қонақ ретінде Алакөл ауданы прокуратурасының аға прокуроры Қуаныш Тойшибеков, прокуратура прокуроры Алишер Ашимов және Алакөл ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Ержан Исагалиев қатысты.

Кездесу барысында заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді. Мамандар қатысушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары жөнінде ақпарат беріп, қойылған сұрақтарға жауап қайтарды.

Аталған іс-шара құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, заңға құрметпен қарауға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1151225?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version