Орталықта тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары, ДЦП, Даун синдромы, аутизм спектрінің бұзылыстары және өзге де диагноздары бар 3-18 жас аралығындағы балалар кешенді оңалту қызметтерін ала алады. Мұнда АВА-терапия кабинеттері, механотерапия залдары, сенсорлық интеграция кеңістіктері, сондай-ақ балалардың күнделікті өмір дағдыларын қалыптастыруға бағытталған еңбек және арт-терапия шеберханалары қарастырылған.
Орталық жылына 840 балаға дейін қабылдай алады. Мұнда педиатрлар, невропатологтар, реабилитологтар, дефектологтар, логопедтер және өзге де 56-ға жуық маман қызмет көрсетеді. Орталық балаларды наурыз айынан бастап қабылдайды.
Статистикалық деректерге сәйкес, бүгінде облыс бойынша ерекше күтімді қажет ететін 8113 бала бар. Оның 1500 Жаңаөзен қаласында тіркелген. Бұған дейін мемлекеттік оңалту орталығының болмауына байланысты ата-аналар балаларын Ақтау қаласына апаруға мәжбүр болған. Жаңа орталықтың ашылуы бұл мәселені айтарлықтай жеңілдетіп, қажетті қызметтерді жергілікті жерде алуға мүмкіндік беріп отыр.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/1150881?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау