2026 жылғы 30 қаңтарда Қаратал ауданы әкімі аппаратының бас инспектор-заңгері Г.Сугралина Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобаларының негізгі ережелерін халықпен кеңінен талқылау мақсатында жиын өткізді.
Қоғамдық талқылаудың басты мақсаты – азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын ескеру, жергілікті деңгейде шешім қабылдау процесіне халықтың қатысуын арттыру және заң жобаларының тиімділігін қамтамасыз ету.
Талқылау барысында жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктері, олардың қаржылық дербестігі, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге тұрғындардың қатысу тетіктері, сондай-ақ қоғамдық бақылау мәселелері қаралды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/1151557?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау