Ағымдағы жылдың 30 қаңтар айында Шығыс Қазақстан облысы Әділет Департаменті, ШҚО жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдері, облыстың жеке сот орындаушыларының қатысуымен, жұмыс кеңесі өтіп, оның аясында облыстың жеке сот орындаушыларының 2025 жылдың орындалған жұмыс қорытындысы шығарылды және 2026 жылға арналған мақсаттар мен міндіттер белгіленді.
Кеңес барысында, Әділет департаментіне 2025 жылдын әлеуметтік маңызы бар істер санатына жатқызылған, мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарын орындау, жеке сот орындаушылардың әрекеттеріне қатысты шағымдар бойынша Әділет департаментінің талдау нәтижелері жарияланды.
Кеңес қорытындысы бойынша, жұмыс жоспарының нысаналы индикаторларына қолжеткізу мақсатында, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына атқарушылық құжаттарды орындау, оның ішінде мемлекет кірісіне әлеуметтік маңызы бар санатты өндіріп алу, мәжбүрлеу сипатын қамтамасыз етудің Заңда көзделген жан-жақты және толық шараларын қабылдау және атқарушылық іс жүргізу саласындағы қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес орындау мерзімдерін сақтау жөніндегі жұмысты жандандыру туралы тапсырма берілді.
Сондай-ақ 2025 жылда жоғары нәтиже көрсеткен жеке сот орындаушыларға Шығыс Қазақстан облысы Әділет Департаменті басшысының грамоталары табыс етілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1151748?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау