Алматыда «Педагогтен басқарушыға көшу» тәлімгерлік мектебі бойынша қалалық әдістемелік семинар-практикум өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Бүгін Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы  Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияда «Тәлімгерлік мектебі» бағдарламасының жоспарына сәйкес қалалық әдістемелік семинар-практикум ұйымдастырды.

Мектеп директорлары менеджерлік қызмет кезінде басқаруда кеткен қателіктерден  дер кезінде сабақ алып, дұрыс шешім қабылдауы тиіс.

Жас директорлар семинарда жеке жауапкершіліктің маңызы, ұжыммен жұмыс істеу, педагогикалық құндылықтарды сақтау секілді ұтымды тәжірибелер ортаға салынды.

 Қатысушылар практикалық кейстерді талдау, басқару тәсілдері жайлы мағлұматтар алды. Топтық жұмыс істеу кезінде орын алған қателіктерді жою, ұжымдағы ынтымақтастық, көшбасшының өсу деңгейі туралы талқылады.

Семинардың қорытындысында жас мектеп директорларына басқарушылық тәжірибесін қалыптастыру, өзіндіе талдау жөнінде чек- парақтар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-edu/press/news/details/1152046?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version