Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы ІІО ардагерлерімен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы С.Аяғанов ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесу өткізді. Іс-шараға облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудандық деңгейдегі ардагерлер ұйымдарының төрағалары және сала ардагерлері қатысты.

Кездесу барысында ішкі істер органдарында ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарған ардагерлерге құрмет көрсетіліп, олардың тәжірибесі мен еңбегінің маңыздылығы атап өтілді. Бүгінгі таңда Маңғыстау облысы Полиция департаменті жүйесінде 2000-нан астам ардагер есепте тұр.

Жиын барысында ардагерлер ұйымының төрағалары сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады. Атап айтқанда, үздік ардагерлер ұйымы ретінде Мұнайлы ауданының ардагерлер кеңесі аталып өтті.

Сонымен қатар, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садақбаев Мұхтар баяндама жасап, ардагерлердің қоғамдық тәртіпті сақтау, жас қызметкерлерге тәлім-тәрбие беру, патриоттық бағыттағы жұмыстарға белсенді қатысып отырғанын атап өтті.

Өз кезегінде, Полиция департаментінің бастығы ардагерлерге алғыс білдіріп, ведомствоның алдағы жоспарлары туралы кеңінен айтып өтті. Ол қазіргі таңда құқық қорғау саласында кәсіби, адал әрі жауапкершілігі жоғары мамандарды тәрбиелеуде ардагерлердің рөлі ерекше екенін атап өтті.

– Ардагерлер – біздің тірегіміз, тәжірибесі мен өмірлік жолы жас қызметкерлерге үлгі. Алдағы уақытта да бірлесе отырып, елге адал қызмет ететін мықты мамандар мен саналы азаматтарды тәрбиелеу бағытындағы жұмыстарды жалғастырамыз, – деді департамент басшысы.

Кездесу соңында тараптар ардагерлер мен полиция қызметкерлері арасындағы өзара байланысты нығайту, жас мамандарға тәлімгерлік ету және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында бірлескен жұмыстарды жалғастыруға дайын екендерін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1152093?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version