Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының жобасы — бұл жекелеген түзетулер емес, мемлекеттің іргетасын құрайтын қағидаттарды терең қайта қарау. Құжат 84 пайызға жаңартылып, мемлекет пен азамат арасындағы қоғамдық келісімнің жаңа архитектурасын қалыптастырады.
Жобаның өзегінде — адам және оның құқықтары. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау ел дамуының басты бағытына айналады. Сонымен қатар негізгі құндылықтар — Егемендік, Тәуелсіздік және аумақтық тұтастық — мемлекеттіліктің өзгермейтін негіздері ретінде бекітіледі.
Әділдік, заңдылық пен тәртіп, сондай-ақ экологиялық жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылады. Бұл — халықтың өмір сапасы мен болашақ ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды тақырыптар.
Алғаш рет конституциялық деңгейде азаматтардың цифрлық кеңістіктегі құқықтарын қорғау нормасы енгізіледі, бұл қазіргі заманның шынайы талаптарын көрсетеді.
Жоба білім беру, ғылым және инновацияны елдің тұрақты дамуының негізгі қозғаушы күштері ретінде айқындайды. Бұл — тек экономикаға ғана емес, адами капиталға салынған инвестиция.
Мемлекеттің зайырлы сипаты сақталады, ал отбасы институты нақты конституциялық анықтамаға ие болады. Сонымен қатар мемлекеттік басқарудың жаңа тетіктері ұсынылады: бірпалаталы Парламент — Құрылтай, сондай-ақ билік пен қоғам арасындағы диалогты нығайтатын вице-президент пен Халық Кеңесі сияқты жаңа институттар енгізіледі.
Жаңартылған Конституция — уақыттың сын-қатерлеріне жауап беруге, сенімді нығайтуға және Қазақстанның әділетті әрі орнықты дамуына берік негіз қалыптастыруға бағытталған қадам.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqquly-bilim/press/news/details/1152118?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау