Жеке қабылдауда айтылған әрбір мәселе жауапты бақылауда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың күнделікті өміріне қатысты мәселелерін, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Кезектілік тәртібімен өткен қабылдауға 20-ға жуық азамат келді.

Көтерілген негізгі мәселелер қатарында тұрғын үй алу, әлеуметтік көмек көрсету және жұмысқа орналасу сынды сұрақтар болды.

Аудан басшысы әрбір мәселені мұқият қарап, заң аясында шешім қабылданатынын айтты. Сондай-ақ айтылған мәселелер бақылауда болатынын ескертіп, оңтайлы шешiмiн табуы үшiн тиiстi сала басшыларына нақты тапсырмаларын жүктеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1152097?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version