Жоба аясында қала және аудан орталықтарында құқық қорғау органы өкілдерімен бірлескен түнгі рейдтік шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Облыс орталығында өткен кезекті рейд кезінде түнгі сағат 23:00-ден кейін бірнеше ықшам ауданда орналасқан компьютерлік клубтар тексерілді.
Тексеру барысында заң талаптарын бұзып, түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз жүрген бірнеше жасөспірім анықталды. Олардың ата-аналары қалалық полиция басқармасына шақыртылды. Бірінші рет анықталғандарға ескерту берілді, ал бұған дейін де мезгілсіз уақытта жүрген жасөспірімдердің ата-анасына айыпұл салынды. Профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
«Әкелер патрулі» – бұл тек бақылау емес, ең алдымен өнеге көрсету, жауапкершілік пен қамқорлықты сезіндіру. Әкенің рөлі – баланың өміріндегі басты тірек. Осы бастама арқылы әкелердің қоғамдағы, бала тәрбиесіндегі орнын күшейту. Бұл бастама – қоғам мен отбасы арасындағы байланысты нығайтып, ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға жол ашпақ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-bilim/press/news/details/1152157?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау