«БІР ЕЛ – БІР КІТАП» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында тағылымды әрі мазмұнды кездесу өтті. Жиынға қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері, кітапханашылар мен белсенді оқырмандар қатысып, өзекті қоғамдық тақырыптар кеңінен талқыланды.

Шараны кітапхана директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Абусайылқызы Жаппарқұлова ашып, қатысушыларды акцияның маңызымен таныстырып, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының 2026 жылға арналған таңдауын ресми түрде жариялады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаттарында айтылған маңызды ойлар талқыланып, олардың қоғам дамуына әсері сараланды. «Шымкент келбеті» газетінің бас редакторы Айдар Құлжан, Ұлттық құрылтай мүшесі, айтыскер ақын, ҚАРАТАУ дәстүрлі өнер мектебінің директоры Біржан Байтуов V Ұлттық құрылтайда көтерілген қоғамдық-саяси бастамаларға тоқталып, олардың мән-маңызын жиналған қауымға жан-жақты түсіндірді.
Сонымен қатар Шымкент қаласы Цифрландыру басқармасының маманы Әділет Нұрғисаұлы 2026 жыл – Цифрландыру жылы аясында жүзеге асырылып жатқан және алдағы уақытта жоспарланған мемлекеттік жобалар жөнінде мазмұнды ақпарат ұсынды.

Жиын аясында қалалық «Бір қала – бір кітап» жобасының 2025 жылғы қорытындылары жарияланып, 2026 жылдың «Жыл кітабын» таңдау мәселесі көпшілік назарына ұсынылды. Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент қаласындағы өкілетті өкілі Момбек Әбдіәкімұлының төрағалығымен жергілікті қаламгерлердің шығармалары дауысқа салынды. Дауыс беру нәтижесінде жазушы, қарымды қаламгер Нәсреддин Сералиевтің «Жаңбыр иісі» кітабы 2026 жылы «Бір қала – бір кітап» жобасы аясында жыл бойы оқылатын шығарма болып бекітілді.

Аталған бастамалар оқырман мәдениетін арттыруға, кітап оқуды кеңінен насихаттауға және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.
Оқитын ұлтқа бірге айналайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1152188?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version