Мемлекет басшысының жарлығымен Конституциялық комиссияның құрамы бекітілді. Комиссияға шамамен 130 адам кірді. Олардың қатарында Ұлттық құрылтай мүшелері, танымал конституциялық құқық мамандары, бизнес және корпоративтік сектор өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен құқық қорғау саласының өкілдері, сарапшылар, медиа қызметкерлері, ғылыми және мәдени қауым өкілдері, Парламент депутаттары мен мемлекеттікқызметшілер бар.
Комиссия құрамына Парламентте өкілдігі бар барлық партиялардың (Amanat, Ақжол, Ауыл, ЖСДП, ҚХП, Respublica) өкілдері де енді.
Бұл Конституциялық комиссияның қазақстандық қоғамның негізгі салаларын толық қамтығанын және елдегі ең білікті мамандарды бір алаңға жинағанын көрсетеді. Комиссия құрамында заңгерлер, экономистер, саясаттанушылар және басқа да салалық сарапшылар бар.
Комиссияны құрастырған кезде негізі кәсіби құзырет екені анық. Сонымен бірге оның құрамы ішкі тепе-теңдігі мен ерекшеленеді.
Өңірлік өкілдік те қамтамасыз етілді: Комиссия құрамында елдің барлық аймағынан өкілдер, соның ішінде өңірлік мәслихаттардың төрағалары, қоғамдық кеңестер мүшелері және тәжірибелі мамандар бар.
Гендерлік тепе-теңдік те сақталған. Комиссияда ғылым, басқару және кәсіпкерлік салаларының беделді әйел мамандары бар.
Комиссия мүшелерінің барлығы, оның ішінде заң шығару үдерісіне тікелей қатысқандар, ауқымды кәсіби тәжірибеге ие.
Осы кәсіби құрам Комиссияға жүктелген, елдің болашағы үшін стратегиялық маңызы бар міндеттердің сапалы әрі уақытымен орындалғаны туралы айтуға толық негіз береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1152183?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау