Красная Поляна ауылындағы ерікті өрт сөндіру бекеті: қауіпсіздік жолындағы бір жыл

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Ауылдық құтқарушылардың күнделікті қызметі (ЕӨҚ)

  Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Красная Поляна ауылындағы ерікті өртке қарсы құралымның құтқарушылары бір жылдан бері тәулік бойы қызмет атқарып келеді.

  Красная Поляна ауылындағы ерікті өрт сөндіру бекеті 2025 жылдың ақпан айында Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында ашылды. Бекет Шет ауданының төрт елді мекенін қамтып, онда шамамен мыңға жуық тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

  Бүгінде аталған бекет жергілікті тұрғындар арасынан жасақталған алты қызметкермен толықтырылған. Олардың барлығы ТЖМ кәсіби құтқарушыларының базасында оқытудан өтіп, төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге қажетті дағдыларды меңгерген.

  Күнделікті кезекшілік техника мен өрт-техникалық жарақтарды тексеруден басталады. Ауылдық жерде оқиға орнына жедел жету уақыты шешуші рөл атқаратындықтан, жабдықтардың жарамдылығы — бүкіл ауылдың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

  Бүгінде бұл ерікті өрт сөндіру бекеті жай ғана қызмет емес, ауыл тұрғындарының тыныштығын күзеткен сенімді қауіпсіздік қалқанына айналды. Ауылдық ерікті құтқарушылар кез келген сәтте көмек көрсетуге дайын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1152207?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version