Маңғыстаулық оқушылар «Зерде» республикалық конкурсында жүлделі орын алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстаулық оқушылар «Зерде» республикалық конкурсында жүлделі орын алды

Ақмола облысы Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында 2-7 сынып оқушылары арасындағы зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалардың ХХІ республикалық «Зерде» конкурсының жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша қорытынды кезеңі өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, білім бәйгесіне Маңғыстау облысынан 15 жас зерттеушілер қатысып, І орынды 1 оқушы, ІІ орынды 7 оқушы, ІІІ орынды 3 оқушы иеленді. Ерекше жетістігі үшін 4 оқушы грамотамен марапатталды.

І орын иегері:
– Оңғарбай Мадияр – Жаңаөзен қаласы, Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 жалпы білім беретін мектептің 2-сынып оқушысы («Медицина, психология, экология» секциясы);

ІІ орын иегерлері:
– Бөлешбек Зере – Ақтау қаласы, “IQ Intellectual school” жекеменшік мектептің 5-сынып оқушысы («Медицина, психология, экология» секциясы);
– Панабай Қосай – Қарақия ауданы, №5 жалпы білім беретін мектептің 4-сынып оқушысы («Туризм және спорт» секциясы);
– Мертаев Нұрали – «Білім-инновация» лицей-интернатының 7-сынып оқушысы («Физика, космос» секциясы);
– Ақмырза Ахмедияр – Мұнайлы ауданы, IQ жекеменшік бастауыш мектептің 4-сынып оқушысы («Математика, қолданбалы математика» секциясы);
– Нұрлан Дінмұхамед – Мұнайлы ауданы, IQ жекеменшік бастауыш мектептің 2-сынып оқушысы («Математика, қолданбалы математика» секциясы);
– Қовлан Айдос – Мұнайлы ауданы, №3 жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушысы («Математика, қолданбалы математика» секциясы);
– Бисенбай Естай – Қарақия ауданы, №6 жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушысы («Химия, биология» секциясы).

ІІІ орын иегерлері:
– Алдоңғор Томирис – Ақтау қаласы, Тұтқабай Әшімбаев атындағы №11 лицейінің 5-сынып оқушысы («Туризм және спорт» секциясы);
– Танатарова Райиана – Ақтау қаласы, Тұтқабай Әшімбаев атындағы №11 лицейінің 5-сынып оқушысы («Туризм және спорт» секциясы);
– Бақтыбай Жансезім – Мұнайлы ауданы, №19 жалпы білім беретін мектептің 3-сынып оқушысы («Информатика, робототехника, STEM инженерия» секциясы).

Ерекше жетістігі үшін грамотамен марапатталғандар:
– Эсенқұли Айдын – Ақтау қаласы, №30 жалпы білім беретін мектептің 4-сынып оқушысы («Химия, биология» секциясы);
– Асырбек Ясин – Түпқараған ауданы, Ғұбайдолла Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейдің 3-сынып оқушысы («Физика, космос» секциясы);
– Қалдыбай Нұрбол – Мұнайлы ауданы, №18 жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы («Информатика, робототехника, STEM инженерия» секциясы);
– Есен Айтжан – Мұнайлы ауданы, №18 жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы («Информатика, робототехника, STEM инженерия» секциясы).

Айта кету қажет, 2025 жылы республикалық «Зерде» конкурсының жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша Маңғыстау облысының оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, І орын – 4 оқушы, ІІ орын -7 оқушы, ІІІ орын – 1 оқушыны иеленген болатын. Бұл көрсеткіш өңірімізде ғылыми-зерттеу жұмыстарына жүйелі дайындықтың қалыптасқанын айғақтайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/1152190?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version