ТЖМ авиация қызметкерлері мен ардагерлері!
Төтенше жағдайлар министрлігі атынан және жеке өз атымнан сіздерді Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация күнімен шын жүректен құттықтаймын!
ТЖМ авиациясы – азаматтық қорғау жүйесіндегі ерекше маңызы бар бөлімше. Сіздер төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуді қамтамасыз етіп, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу, санитарлық авиация арқылы зардап шеккендерді эвакуациялау, өрт сөндіру және еліміздің ең қолжетімсіз өңірлерінде көмек көрсету сияқты аса жауапты міндеттерді абыроймен атқарып келесіздер.
Сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіз, жоғары кәсіби даярлықтарыңыз бен мамандыққа деген адалдықтарыңыз азаматтардың өмірін сақтауда маңызды рөл атқарады. Ұшқыштар құрамына, инженерлік-техникалық персоналға және авиация саласының барлық мамандарына адал қызметтері, тәртіптілігі мен сенімді жұмыстары үшін шынайы алғысымды білдіремін.
Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық, сәтті ұшулар мен ашық аспан тілеймін!
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1152163?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау