‼️ Сақ болыңыз! Алаяқтар жаңа тәсілді қолдана бастады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Соңғы уақытта Uchet.kz және Qoldau.kz сервистерінің атын жамылған алаяқтар жалған SMS-хабарламалар таратып жатыр. Осыған байланысты киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті азаматтарды сақ болуға шақырады.

Қаскүнемдер хабарламада “шұғыл, тез әрекет ету керек” деген сөздерді әдейі қолданып, адамдарды асықтырып, қорқытып жеке деректерін, логин мен парольдерін алуға тырысады. Негізгі мақсат – азаматтардың есептік жазбаларына және қаржылық қаражатына қол жеткізу.

Есте сақтаңыз:

• ресми сервистер мұндай мазмұндағы SMS-хабарламаларды ешқашан жолдамайды;

• күмәнді хабарламаларға жауап бермеңіз, ондағы сілтемелерге өтпеңіз;

• жеке деректеріңізді (ЖСН, логин, пароль, банк картасының мәліметтері) SMS арқылы жібермеңіз;

• кез келген ақпаратты тек ресми сайттар мен сенімді дереккөздер арқылы тексеріңіз.

⚡️ Жеке деректеріңіз бен қаржыңызды қорғаңыз.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1152976?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version