№ 5 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ АЯСЫН КЕҢЕЙТУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов № 5 Қалалық клиникалық ауруханаға жұмыс сапарымен келіп, медициналық ұйымның өткен жылдағы қызметінің қорытындыларымен және алдағы даму бағыттарымен танысты.

Бүгінде ауруханада заманауи жоғары технологиялық медициналық көмекті дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жақ-бет хирургиясы саласында күрделі реконструктивті операциялар сәтті орындалып келеді. Атап айтқанда, онкологиялық аурулары бар және жарақат салдарынан зардап шеккен науқастарға төменгі жақ сүйегін ішінара алмастыру, сондай-ақ 3D-модельдеу технологияларын пайдалана отырып самай-төменгі жақ буынын эндопротездеу әдістері кеңінен қолданылуда. Медициналық мекеменің маңызды жетістіктерінің бірі — жүрек трансплантациясынан кейінгі науқасқа жергілікті анестезиямен кохлеарлық имплантация операциясының сәтті жүргізілуі.

Емхана бөлімшесінде медициналық қызметтерді «бір күнде» алу қағидаты енгізілген. Бұл бағытта скринингтік кабинеттер, дәрілік қамтамасыз ету бөлімі және вакцинация кабинеті тұрақты түрде қызмет көрсетуде.

Кездесу қорытындысы бойынша Марат Пашимов сурдология саласындағы жобаларды одан әрі дамыту, трекинг-орталық пен есту қабілеті төмен азаматтардың регистрін құру, жақ-бет хирургиясының әлеуетін күшейту, сондай-ақ балалар мен ересектерге ЛОР көмегін көрсетуге арналған консультативтік-диагностикалық орталық ашу жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар мамандарды халықаралық деңгейде даярлау, жаңа операциялық әдістерді енгізу, емханалық қызметті жетілдіру, гепатодуоденалдық орталық ашу және тіркеу қызметіне жасанды интеллект технологияларын енгізу басым бағыттар ретінде белгіленді.

Алдағы кезеңде, 2026 жылы, ауруханада естуді жақсартуға және сақтауға бағытталған заманауи операцияларды, 3D-технологияларды қолдана отырып төменгі жақ сүйегі мен буындарын толық реконструкциялау, сондай-ақ балалардағы сүйек сынуларын абсорбцияланатын фиксациялық құрылғылар арқылы емдеудің инновациялық әдістерін енгізу жоспарланып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1152729?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version