15 қаңтарда аудан әкімдігінің үлкен залында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
15 қаңтар күні аудандық әкімдікте төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырысты Айыртау ауданының әкімі Мейрам Меңдібаев жүргізді.
Жиынға аудандық бөлімдердің басшылары мен ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Баяндамалармен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Әділхан Ғалымұлы Сейсембеков және аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Миктасұлы Жантілеуов сөз сөйледі.
Отырыста төтенше жағдайлардың алдын алуға қатысты өзекті мәселелер, қызметтердің дайындық деңгейі және жергілікті жерлердегі іс-қимылдардың үйлесімділігі талқыланды. Мұндай кездесулер аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau/press/news/details/1152668?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version