«Адалдық пен ашықтық – дұрыс таңдау» атты әңгіме, пікір алмасу өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дүниежүзілік сайлау күніне орай №8 Мойынқұм колледжінде қаңтардың 30-сы күні  «Адалдық пен ашықтық – дұрыс таңдау» атты әңгіме, пікір алмасу өтті.

№8 Мойынқұм колледжінде қаңтардың 30-сы күні  I-курс, электржабдықтар мамандығы бойынша оқитын  ЭМ-2-25  тобының топ жетекшісі Несіпбай Ақнұр «Адалдық пен ашықтық – дұрыс таңдау» атты әңгіме, пікір алмасу өтті.

Мақсаты: Әңгіме барысында студенттерге сайлаудың маңызын түсіндіру, адалдық пен ашықтық қағидаттарын насихаттау, ашық қарым-қатынас пен адал мінез-құлыққа баулу,жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру және саналы таңдау жасауға тәрбиелеу.Дүниежүзілік сайлау күні аясында студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сайлаушы сенімінің негізі болып табылатын электоралды принциптерді түсіндіру.

Өткізілген әдіс-тәсілдер:
Ауызша түсіндіру, әңгімелесу, жай тақтада жазу, пікір алмасу,пікір білдіру, интерактивті презентация арқылы түсіндіру әдістері қолданылды.

Жеткен нәтиже:
Студенттер сайлау ұғымын, оның маңызын және әр азаматтың дауыс берудегі жауапкершілігін түсінді.Адалдық пен ашықтық қағидаттарының сайлау процесіндегі рөлі мен маңызын ұғынды.Электроалды принциптердің (заңдылық, әділдік, теңдік, еркін таңдау) сайлаушы сенімін қалыптастырудағы мәнін білді.Студенттер пікір алмасу және талқылау арқылы ой-өрісін кеңейтті, өз көзқарасын білдіруге дағдыланды.Студенттердің азаматтық ұстанымы нығайып, саналы таңдау жасауға деген қызығушылығы артты.

Бүгінгі пікір алмасу жоспар бойынша өтті. Біз қойылған мақсаттарға жетіп, сайлау, адалдық пен ашықтық туралы маңызды мәліметтерді үйрендік. Әңгіме тәрбиелік мәні мен танымдық құндылығы жағынан тиімді болды, студенттер белсенді қатысып, өз ойларын білдірді.

Қорытынды: Сайлау – әрбір азаматтың, оның ішінде жастардың маңызды құқықтары мен парызы. Біз дауыс беру арқылы өз пікірімізді білдіріп, қоғам өміріне белсенді қатысамыз. Әрбір дауыстың мәні зор: ол болашағымызға, еліміздің дамуына әсер етеді. Сондықтан сайлауға саналы түрде қатысу – әрбір азаматтың, әсіресе жастардың, ең басты жауапкершілігі. Адалдық пен ашықтықты сақтап, өз таңдауымызға жауапкершілікпен қараған абзал.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1152310?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version