Аққулы ауданында soft skills пен lifelong learning бағытындағы облыстық семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аққулы ауданы білім беру бөлімі мен Павлодар облысы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының ортақ жоспарына сәйкес 2026 жылғы 28 қаңтар күні Шарбақты жалпы білім беру мектебінің негізінде Аққулы ауданы білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Soft skills пен lifelong learning негізінде сабақтастық» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, білім алушылардың Soft skills дағдыларын дамыту және үздіксіз білім алу қағидаттарын оқу үдерісіне тиімді кіріктіру. Семинарға аудандық әдістеме кабинеттерінің әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш сынып педагогтары қатысып, барлығы 40 жуық маман тәжірибе алмасты.

Семинар бағдарламасы әдістемелік көрме мен оқушылардың шығармашылық жұмыстарын таныстырудан басталды. Ашылу бөлімінде Аққулы ауданы білім беру бөлімінің сектор меңгерушісі А. А. Бекужа қатысушыларға сәттілік тілеп, семинардың білім беру сапасын арттырудағы маңызын атап өтті. Ал әдіскер Б. Ж. Төлеу «Soft skills пен lifelong learning: заманауи білім берудегі сабақтастық моделі» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.

Практикалық бөлімде мектепалды даярлық тобы мен 1-сыныпта өткізілген ашық сабақтар арқылы оқушылардың ойлау, коммуникация, ынтымақтастық дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді әдістер көрсетілді. Сонымен қатар, екі топта өткен шебер-сыныптарда педагогтер цифрлық тапсырмалар, ойын технологиялары, пәнаралық сабақтастық және тәжірибелік алаңдар арқылы өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында өткен рефлексия барысында қатысушылар іс-шараның мазмұндылығы мен практикалық маңызын жоғары бағалап, ұсынылған әдістемелік идеялардың күнделікті педагогикалық қызметте кеңінен қолдануға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Аталған семинар білім беру ұйымдары арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайтып, заманауи білім беру талаптарына сай мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1153147?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version