«Тұрғын үй секторында және автокөліктерде өрт қауіпсіздігі» акциясы аясында Жамбыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізді. Іс-шара барысында автокөліктерді пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, өрттің алдын алу шаралары еске салынды. Аталған жұмыстар автокөліктердегі өрттің алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау