Ағымдағы жылдың 30 қаңтар күні “Аманат” партиясы аудандық филиалының ғимаратында аудан әкімі Жұмагелді Батырниязовтың тұрғындарды қабылдауы өтті. Кездесуге тұрғындар өздерін мазалаған мәселелерді көтеруге келді. Тұрғын үй, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау сияқты сұрақтар бойынша азаматтар белсенді қатысып, пікірлерін білдірді.
Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысып, әр азаматтың мәселесін тыңдап, нақты кеңестер берді. Көтерілген сұрақтарға дер кезінде жауап беріліп, шешімдер қарастырылды.
Мұндай қабылдаулар халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, азаматтардың ұсыныстары мен сұрақтарына нақты мән беретін маңызды алаң екенін тағы бір мәрте көрсетті. Бұл – аудан тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған нақты қадам.
Құбаева Нұрайлым
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1152736?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау