Кездесу барысында ветеринария саласына қатысты бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, ауылдық елді мекендерде ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыру, мал ауруларының алдын алу шараларын күшейту, ветеринариялық пункттердің материалдық-техникалық базасын жақсарту, сондай-ақ мамандардың жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Қабылдауға келген азаматтар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Бақыт Бетбаев әрбір мәселені жеке-жеке тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында түсіндірмелер берді және тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Кездесу қорытындысы бойынша көтерілген мәселелер бақылауға алынып, оларды кезең-кезеңімен шешу үшін жауапты құрылымдарға нақты тапсырмалар берілетіні айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-veterinaria/press/news/details/1153050?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау