«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

 

Лауазымның атауы:

  1. Әдістемелік кабинетінің тәрбие жұмысы бойынша әдіскері – 1 бірлік;

 

 

Құжаттарды қабылдаудың басталу күні:  03.02.2026 ж.

Құжаттардың қабылдаудың аяқталу күні: 11.02.2026 ж.

Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары: 208295 теңгеден бастап

 

 

  1. Әдістемелік кабинетінің тәрбие жұмысы бойынша әдіскері лауазымының үлгілік біліктілік сипаттамалары
  1. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы бойынша ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жүзеге асырылуын бақылайды;
  2. Аудан педаготтерімен әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, курсаралық кезеңде әдістемелік жұмыстың тиімділігін зерделейді;
  1. Мамандықтар бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды болжайды және жоспарлайды;
  2. Педагогтердің оқу- әдістемелік құжаттарын (дидактикалық материалдарды), семинарларын, конференцияларын, конкурстарын, олимпиадаларын әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады;
  3. Педагогтер мен білім беру ұйымдарының инновациялық және тәжірибелік –эксперименттік қызметінің  нәтижелерін талдайды және қорытындылайды;
  4. Білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне оқу- әдістемелік және тәрбие жұмысын ұйымдастыруда теориялық және практикалық көмек көрсетеді;
  5. Педагогтарға көмек ретінде библиографиялық анықтамалықтар, әзірлемелер, тестілік және өзге де материалдар жасайды, оларды әдістемелік кабинеттердің, аудан (қала)педагогтерінің назарына жеткізеді;
  6.  Оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық тәжірибесі туралы ақпаратты жинақтайды және таратады;
  7. Педагогтердің, білім беру ұйымдары басшыларының неғұрлым нәтижелі тәжірибесіне мониторинг жүргізеді және таратады;
  8. Педагогикалық қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
  9. Білім алушылардың конкурстарын, көрмелерін, олимпиадаларын, слеттерін, жарыстарын дебат жұмыстарын жүргізеді, құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді;
  10. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастырады;
  11. Қала сыртындағы және республикалық лагерьлерге балалардың тізімін қалыптастырады;
  12. Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыруын бақылайды;
  13. Нашақорлықтың, қауіпсіздік, есірткі қолданудың, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын жүргізу білім беру ұйымдардың осы бағыттағы жұмысын ұйымдастырады;
  14. Білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша жұмысын ұйымдастырады;
  15. Мектептегі тәлімгерлердің жұмысын бақылайды;
  16. Қорытынды құжаттарды әзірлеу және есеп беру жөнінде материалдар мен құжаттарды қорыту, талдау және жинауды жүзеге асыру.
  17. әдістемелік жұмыстарды өңдеуге қатысады; 
  18. өзіне қарасты сұрақтармен талдау және анықтамалық мәліметтерді дайындайды;
  1. өзіне қарасты сұрақтармен тренингтер, ғылыми-практикалық, әдістемелік семинарлар, конференциялар, байқаулар, педагогикалық оқулар ұйымдастырады;
  1. білім беру ұйымының статистикалық есеп беру ісіне  қатысады.
  1. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      облыс, республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде:

     тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

    аудандар/қалалар деңгейінде:

   тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

 

  1. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

       1) “педагог”:

      қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      балаларға қосымша білім беру ұйымдарының әдістемелік корпусының кадрлық құрамы мен әлеуетін талдау;

      бағдарламалық-әдістемелік өнімді қалыптастыру;

      2) “педагог-модератор”:

      “педагог” біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      әдістемелік және ақпараттық материалдарды әзірлеуге қатысу;

      диагностика жүргізу;

      педагогтерді даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жоспарлау;

      ғылыми зерттеулер мен озық педагогикалық тәжірибені енгізу;

      ұйымдардың эксперименттік және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдау және қорытындылау;

      аудан/қала ішінде конкурстар, көрмелер, олимпиадалар, слеттер, жарыстар ұйымдастыру және өткізуге қатысу;

       3) “педагог-сарапшы”:

      “педагог-модератор” біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      білім беру, бос уақыт бағдарламаларын, әдістемелік әзірлемелердің, ұсынымдардың, оқу құралдарының әртүрлі түрлерін әзірлеуге қатысу;

      әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдау материалдарын жинауды, жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асыру;

      педагогтерге қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнын анықтауға көмек көрсету;

      4) “педагог-зерттеуші”:

      “педагог-сарапшы” біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      қосымша білім беру саласындағы озық отандық және әлемдік тәжірибені тарату;

       облыс, республика деңгейінде мастер-кластар, педагогикалық шеберханалар, семинарлар ұйымдастыру;

      қосымша білім беру саласында білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

      бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендерді апробациялауға қатысу;

      5) “педагог-шебер”:

      “педагог-зерттеуші” біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      қосымша білім беруді дамытудың басым бағыттарын іске асыру бойынша бағдарламалық-әдістемелік өнім әзірлеу;

       облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде іс-шаралар ұйымдастыру,

       қосымша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағы білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттаманы түзетуге және жаңаларын әзірлеуге қатысу;

      қосымша білім беру саласындағы жетекші мамандардың озық тәжірибесін тарату.

  1. Қажетті құжаттар тізімі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды қағаз  түрінде жолдайды:

  • осы Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  • кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  • педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  • “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
  • психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  • наркологиялық ұйымнан анықтама;
  • сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
  • ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS ( IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты – 60-65 балл;
  • 12,13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

12) Жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

 

 

         Құжаттарды тапсыру үшін мекен –жайы:

         БҚО, Теректі ауданы, Теректі ауылы, Тәуелсіздік көшесі 135

         Әңгімелесуді өткізу орны: «Теректі ауданының білім беру бөлімі» ММ

         Аңықтама үшін байланыс: 8 (71132) 23-0-54, 21-4-67

         Электрондық пошта – terektiroo@mail.ru

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-terekti/press/news/details/1152686?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version