Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында «ПестКонтроль Союз» қауымдастығы мен «Қазақстан дезинфекционесттері одағы» өзін-өзі реттеу ұйымының ұйымдастыруымен дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау мәселелері бойынша халықаралық семинар өткізілді.
Аталған семинарға Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері Әсел Қайратқызы Жанәділ мен Мұхамедәли Ерназарұлы Қожаназаров арнайы шақырылды.
Департамент өкілдері дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, сондай-ақ аталған қызмет түрін көрсетуге лицензия беру тәртібін түсіндірді.
Сонымен қатар, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, ұсыныстарға назарға алынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1152709?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау