Департаментінің бастығы қалалық полиция басқармасының жұмысымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Оңал Бекеев Атырау қалалық полиция басқармасының жедел-қызметтік жұмысының жай-күйімен танысты. Өңірдің бас полицейі құрылымдық бөліністердің қызметін, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алу, азаматтардың өтініштерімен жұмыс жүргізу бағытындағы атқарылып жатқан шараларға назар аударды. Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды.
Кездесу қорытындысында департамент бастығы қалалық полиция басқармасының алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарларына қатысты нақты міндеттер жүктеп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — полиция қызметінің басты басымдығы екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1152354?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version