Атырау облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Құттыбай Садықовтың қатысуымен департамент алаңында жеке құрамның, мамандандырылған күзет басқармасының және Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің гарнизондық сап түзеуі өткізілді. Осы ретте, тәртіп сақшылары «Қауіпсіз аула», «Мал ұрысы» және «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шаралары аясында қоғамдық тәртіпті күшейту, құқық бұзушылықтың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет етеді.
– Республикалық жедел профилактикалық іс-шаралары аясында жеке құрам тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде, жалпы, тұтастай аудан аумағында құқық бұзушылықты болдырмау және жолын кесу мақсатында тиісті жұмыстарды атқарады. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында түнгі рейдтер, жаяу патрульдеу және профилактикалық жұмыстар арқылы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті бақылауда. Біз үшін әрбір азаматтың тыныштығы мен қауіпсіздігі маңызды, – деді Атырау облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Құттыбай Садықов.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1152375?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау